03.07.2024
Командалардың келуі
Бірінші командаларды қарсы алу
Бүгін Астанаға биологиядан 35-ші Дүниежүзілік олимпиадаға IBO-2024 Жаңа Зеландия мен Австралиядан алғашқы екі қатысушы-команда келді. Олар осы беделді жарысқа қатысу үшін үлкен қашықтықты еңсерді. Олимпиаданы ұйымдастырушылар қонақтарды құшақ жая қарсы алып, қонақүйге орналастырды.

Жаңа Зеландия командасының жетекшісі Анжела Шарплес (Angela Sharples) өз әсерімен бөлісті: «Қазақстанда болу керемет! Біз бірінші келген команда болғанымызға өте қуаныштымыз. Біз Жаңа Зеландиядан ұзақ ұштық, бірақ сіздің елге келуді асыға күттік. Бізді қызықты әрі қиын емтихандар, сондай-ақ Қазақстанмен танысу мүмкіндігі күтіп тұр. Бізде экскурсиялар жоспарланып отыр, оның ішінде бүркітпен аңшылық та бар. Қазақстан біздің елден мүлдем бөлек, ерекше. Жарыс басталар алдында Исландия және Австралия құрамаларымен бірнеше күн боламыз. Бізді күтіп алғандарыңызға рақмет!» - деді ол.

Қонақтарымыздың Олимпиада алдында жақсы демалып, күш-қуат алуларына тілектеспіз!

Айта кетсек, ертең тағы төрт команда келеді деп күтілуде.