04.07.2024
Командалардың келуі
Халықаралық қазылар және ғылыми комитеттің отырысы
Бүгін Астанадағы Park Inn қонақүйінде әр елден 13 сарапшы жиналды. Ғылыми комитет мүшелерімен бірге олар эксперименттік және теориялық емтихандардың тапсырмаларын талқылайды.

Ғылыми комитет төрағасы Ілияс Сақимов биология пәнінен Дүниежүзілік олимпиада тапсырмаларын әзірлеу үшін Ғылыми комитет шақырылғанын, оның ішінде Қазақстанның биологтары мен биология олимпиадасының жүлдегерлері бар екенін атап өтті.«Олимпиада екі теориялық және төрт практикалық турдан тұрады: биохимия, молекулалық биология, биоинформатика, жануарлардың анатомиясы мен физиологиясы. Барлық тапсырмаларды биология пәнінен Дүниежүзілік олимпиаданың ғылыми комитеті мүшелері әзірлеп, бекітті. Тапсырмаларды талдау үшін шет елдердің сарапшы-биологтарынан тұратын топ мүшелері де бекітілді. БАӘ өкілдерімен биоинформатика саласындағы платформаны пайдалану туралы келісімдер, сондай-ақ OlyExam өкілдерімен және Халықаралық ұйымдастыру комитетімен талқылау, аудару, басып шығару, апелляция және үйлестіру үшін платформаны пайдалану туралы үшжақты келісім жасалды», - дейді ол.

Айта кетсек, Астанаға қатысушы командалар келе бастады. Кеше Жаңа Зеландия мен Австралиядан командалар келді. Сондай-ақ бүгін келгендердің арасында Дания, Исландия, Венгрия және Таиланд командалары бар.

Естеріңізге салсақ, 2024 жылдың 7 шілдесі мен 14 шілдесі аралығында Астана қаласында IBO-2024 биология пәнінен 35-ші халықаралық олимпиада өтеді. Биыл оған әлемнің түкпір-түкпірінен 305 жас биолог қатысады.